Атырау, 6 мамыр 03:12
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Сендер неге ауырмайсыңдар, неге біз ауырамыз?!»

Бейнежазба
6 176 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Теңіз кенішінде түсірілген бейнежазба таралуда. Кейбір мәліметтер бойынша, Ватернас вахталық поселкесінде мердігер компаниялардың жұмысшылары өздерін қаншама уақыт карантинде ұстап отырғанына наразылық білдіруде. «Неге біз ауырамыз, сендер неге ауырмайсыңдар?!» - дейді компания өкілдері тор дуалдың ар жағынан айқайлап. «АЖ» осы жазбаға қатысты ТШО баспасөз қызметіне жүгініп, жауап алған еді.

«Теңіз кенішінде оқшаулану, әлеуметтік қашықтық ұстау, маска тағу және жеке гигиена ережелерін сақтауды қарастыратын қатаң шаралар қолданыста екені белгілі. Біз барлық мердігер мекемелер мен олардың қызметкерлері осы шараларды сақтайды деп күтеміз. ТШО-ның қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданы әкімдігімен, аудандық СЭС және полиция қызметкерлерімен бірге вахталық поселкелерде осы талаптардың орындалуын үнемі тексеріп отырады».

ТШО бұл шаралардың қызметкерлер үшін қиындық мен қолайсыздық туғызатынын жоққа шығармайды:

«Біздің өндірістік қатынастар тобы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерлерді толғандыратын барлық мәселелерді жедел шешу үшін мердігерлермен және тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді. Қауіпсіздікке баса назар аударылады».

Естеріңізге салсақ, карантин басталғалы Теңіз кенішінде тыныш емес. Жұмысшылар шектеу шараларына қарсы әлденеше рет наразылық білдірген болатын.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 маусым 2020, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.