Атырау, 3 мамыр 03:44
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

42 500 теңге: «бас тартылған» істер желтоқсанға дейін қаралады

4 206 просмотра

Атырау облыстық сотында 42 500 теңге әлеуметтік төлем мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Азамат МӘМБЕТОВ 25 мамырдағы ахуал бойынша осы әлеуметтік төлемді алу үшін 270 751 өтініш түскенін хабарлады. Оның ішінде, 144 349 тұлғаға төлем тағайындалып, 1648 адамға төлем беруден бас тартылған, қалғандары қаралып жатыр.

22 мамырда бұрын бас тартылған өтініштерді қайта қарау тәртібі бекітілген. 42 500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін арызға келесі құжаттар тіркелуі тиіс: ақысы төленбейтін демалыс туралы бұйрық, ТЖ кезінде жұмыс берушінің кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар, мемлекеттік кіріс органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін), заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған  азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб қорытынды шығарып, соның негізінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шешім қабылдайды.

Аудандық (қалалық) штаб қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен облыстық штабқа жүгіне алады.

А.Мамбетов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритміне түзетулер енгізіліп, өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатынын айтты.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 мамыр 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.