Атырау, 3 мамыр 07:14
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Махамбеттің көпірі не болды

Сурет Бейнежазба
5 606 просмотра

Бұдан бұрын 17 мамырда болған нөсер жауыннан Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсында орналасқан көпірде ақау пайда болғанын «АЖ» хабарлаған еді. «АЖ» тілшісі көпір басында болып қайтты.

Бұл Атырау облысындағы ең ұзын көпір – 860 метр. Ол 2018 жылы пайдалануға берілді. Былтыр оны аудандық ТКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің балансына өткізді.

Осы маңызы зор көпір олқылығы пайда болғалы оқырмандар тарапынан үлкен сынға ұшырады. Сенімсіздік пен сапасыздық турасында аз пікір айтылмады.

Осыған орай, көпір құрылысының бас мердігері «Атырауинжстрой» ЖШС баспасөз релизін жариялады. Онда былай делінген: «17 мамырдағы қатты нөсер жаңбырдан кейін пайда болған жаяу жүргінші жолындағы асфальт қабатының жарылуы көпірдің қауіпсіздігіне ешқандай әсер еткен жоқ. Көпірдің өзі және оның жолдары (кірме жолдар), олардың құрылымдық бөлігі, көтеру қабілетіне зиян келмеген, ауа райы құбылыстарына байланысты техникалық жағынан ақауы шығуы мүмкін емес".

Айта кету керек, бұл ақау көліктердің жүрісіне кедергі болған жоқ. Бас мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-і кепілдемеге сәйкес олқылықтарды өз есебінен қалпына келтірмекші, - дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Зұлқарнай МҰҚАШ.

Ал Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін су ағатын жерлерді бетондау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

28 мамыр 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.