Атырау, 3 мамыр 07:42
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Баланың өмірін арашалап қалды

3 094 просмотра

Құлсары қаласында «жедел жәрдем» қызметкерлері Құрсай өзеніне түсіп кеткен баланы аман алып қалды.

Ата-атасының айтуынша, бала өзен жағасында ойнап жүріп, абайсызда суға түсіп кеткен. Артынан әкесі секіріп, судан шығарып алады, бірақ бала көп су жұтып үлгерген. Жедел жәрдем бригадасы келгенде ол демала алмай, ес-түссіз жатқан. Әп-сәтте сәби жан тапсыруы мүмкін еді. Медиктер алдымен баланың өкпесін судан тазартып алып, жүрегіне массаж жасап, ауруханаға жеткізді. Көп ұзамай, сәбидің жағдайы жақсарып, денсаулығы қалпына келгеннен кейін оны үйге шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 мамыр 2020, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.