Атырау, 4 мамыр 02:13
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Мостовой өзегі - масаның ордасы

2 510 просмотра

«АЖ»-ға соңғы уақытта масалардың көбейгендігіне қатысты қала тұрғындарынан көп шағым түсуде.

- Бізге де шағым түсіп жатады, - дейді «AG Desinfection Servises» ЖШС биолог-энтомологы Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВА. - Масалардың жаппай көбею кезеңі Атырауда 13 мамырда басталып, шамамен он күнге созылды. 23 мамырдан бастап біз улағаннан кейін ғана азайды.

А.Дәулетьярованың айтуынша, қалада 5 ірі су қоймасы бар, олар масалар үшін «инкубаторға» айналған. Бұлар - оң жағалаудағы Квадрат булану алаңы, сол жағалаудағы Сасықсай булану алаңы, оның қасындағы шіріген суы бар тағы бір су қоймасы, Каспий теңізі жағасындағы батпақ пен Мостовой өзегінің бойы.

Бұл өзектің бойында - Жаңа Сарықамыс және Балауса ықшам аудандары мен Тайманов көшелерінің шеңберінде масалар көп. Бұл жерде бір дезинфекциялаушы бригада үнемі келіп улайды. Кестеге сәйкес тағы екі бригада көппәтерлі үйлердің жертөлесін улап, облыс әкімдігінің телеграмм каналында және әлеуметтік желіде жарияланатын қала тұрғындарының шағымы бойынша шығып тұрады. Қол турбогенераторлары бар 16 дезинфекциялаушы және жел генераторларымен жабдықталған 4 көлік жұмыс істейді.

- Алдағы күндері бүкіл масаны улаймыз деп кепілдік бере алмаймын - өзендегі су тасқыны әлі аяқталған жоқ. Бірақ олардың саны әлдеқайда азаяды, - деп уәде берді А.Дәулетьярова

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 мамыр 2020, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.