Атырау, 4 мамыр 06:04
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Құрманғазы ауданында маусымда газ болмайды

3 310 просмотра

Құрманғазы ауданында маусымда көгілдір отынның уақытша тоқтатылуы туралы  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы  хабарлағаннан бері жергілікті халық қазірден қам жасауға көшкен. Электрлі шәйнек, плиткаларға сұраныс артып, ал кейбіреулер далаға қазан-ошақ салуға көшкен.

Маусымдағы газдың тоқтатылуы 2020-2021 жылдың күзгі-қысқы дайындық жұмыстарына байланысты.  Аудан аумағындағы «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральды газ желісінің 130-361 шақырымында ақау бар құбырлардын ауыстыру және жөндеу маусымның 10 мен 30-ы аралығында жүргізу көзделген. Табиғи газдың уақытша тоқтатылуы Құрманғазы ауданындағы Азғыр өңірінен басқа округтерде орын алатыны ескертілген. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 мамыр 2020, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.