Атырау, 4 мамыр 03:53
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Карантин 8 маусымға дейін созылды. Қаулының мәтіні

2 931 просмотра

Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Темірбек Мұсағалиев қол қойған карантинді Атырауда, Жылыой ауданында және Мақат поселкесінде 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулы шықты.

Мен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұсағалиев Темірбек Сарымұлы, коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының аумағында COVID-19 ауруының тіркелуіне және ауру деңгейінің 7 күн ішінде аурушаңдығының өсу деңгейін 7%-дан жоғарылауына байланысты  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысы аумағында шектеу шаралары созылсын және Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданы, Мақат поселкесінде карантин режимі 2020 жылғы 8 маусым сағат 07:00-ге дейін созылсын;

2020 жылғы 25 мамыр сағат 07.00-ден 8 маусым сағат 07.00-ге дейін Атырау облысының жедел штабымен бекітілген блок-бекеттерді кесіп өту ережелерінде көрсетілген жағдайлардан тыс, Атырау қаласының карантиндік аймақтарына кіріп-шығуға тыйым салынсын.

2. 2 метрге дейін  әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде бетперде тағу арқылы (3 адамнан аспайтын топ немесе бір отбасы мүшелері) азаматтарға тұрғылықты  жерінен шығуға рұқсат берілсін;

Азаматтардың қозғалысына тек жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды сатып алуына, тұрғылықты жеріне жақын маңдағы рұқсат етілген қызмет түрлерін алуға, шұғыл жағдайлар бойынша медициналық көмек алуға байланысты ғана жеке, қызметтік, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат беріледі;

Сағат 23.00 мен 06.00 аралығында Атырау қаласында, 21.00 мен 06.00 аралығында Жылыой ауданында, 20.00 мен 06.00 аралығында Мақат ауданындағы Мақат поселкесінде мемлекеттік органдар, жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет, сондай-ақ стратегиялық маңызды нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерінен (бөгде адамдарсыз, отбасы мүшелерінсіз және қызметтік куәлік пен жұмыс орнынан берілген анықтамасымен)  басқа азаматтар  мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынады.

3. Атырау облысы әкімдігі:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының (әрі қарай ҚР БМСДҚ) 15-қосымшасына сәйкес санитариялық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, Атырау қаласында сағат 06.00 және 23.00 аралығында қоғамдық көліктің қызметін толықтай қалпына келтірсін;

2) ірі көлемдегі думанды, спорттық және өзге де бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен бірге, отбасылық, еске алу шараларының, соның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салсын;

3) діни нысандардың жұмысына тыйым салсын;

4) ҚР Үкіметінің ведомствоаралық комиссиясымен бекітілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының, теміржол вокзалы, автовокзал жұмысының тоқтатылуын сақтасын.

4. Атырау облысы әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, 2020 жылғы 25 мамыр сағат 07.00-ден бастап, төмендегі кәсіпкерлік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін жандандыруды қамтамасыз етсін:

1) туристік агенттіктер (ҚР БМСДҚ 11-қосымшасына сәйкес);

2) көңіл көтеру нысандарынсыз саябақ, алаң, шағын бақтарға, жағалауларға үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат берілсін;

3) автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында ара қашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге сағат 09.00-17.00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат берілсін;

4) сағат 09.00-22.00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының (ҚР БМСДҚ  17 қосымшасына сәйкес) жұмысына рұқсат берілсін;

5)Дәмхана, мейрамхана, кофехана, асхана, бар (кальян барлардан басқа) жұмыстарына бір мезгілде 30 адамнан (ашық алаңдарда 50 адамнан) артық қабылдамай, 2 метрден кем емес әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып,  бір үстелге 4 адамнан артық отырғызбай (отбасы мүшелерінен басқа), (ҚР БМСДҚ 17 қосымшасына сәйкес) сағат 09.00-22.00 жұмыс режимі аралығында қызметіне рұқсат берілсін;

5. Аталған қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

6. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т. Мұсағалиев

23 мамыр 2020, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.