Атырау, 4 мамыр 06:30
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Теңізде медпункттердегі заң бұзушылықтар салдарынан пневмонияға шалдыққандар саны көбейді​

3 739 просмотра

Кейбір медпункттер  Covid-19 жұқтырған науқастарды өздігімен емдеуге кіріскен. Осының салдарынан, пневмонияға шалдыққандар саны көбеюде, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Атырау облысы әкімінің орынбасарлары Ержан Әбілханов пен Бақытгүл Хаменова бастаған арнайы комиссия мүшелері үшінші күн қатарынан Теңіз кенішінде жұмыс істеуде.  Жұмыс тобының құрамында медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және облыс әкімдігінің негізгі басқарма өкілдері бар.  Вахталық қалашықтардағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың тапсырмасымен  вахталық  қалашықтарды  тексеруге жұмылдырылған мобилді топтар саны 4-тен 10-ға дейін өсті. Топ құрамына әкімдік, полиция және ТШО өкілдері мен санитарлық дәрігерлер кірді.

 - Біз мобилді топтардың санын 4-тен 10-ға дейін арттырдық. Әр топ 5 адамнан тұрады, олар вахталық  және карантиндік аймақтардағы санитарлық талаптарды қадағалау үшін күнделікті  тексеріс жүргізетін болады, - деді Бақытгүл Хаменова.

Арнайы комиссия жетекшілерінің айтуынша, кен орнында бірқатар заң бұзушылықтар бар.  Атап айтқанда, кейбір медпункттер  Covid-19 жұқтырған науқастарды өздігімен емдеуге кіріскен. Осының салдарынан, пневоманияға шалдыққандар саны көбеюде. 

 - Мобилді топтар осындай әрекеттерді  және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалайды.  Ал, құқық бұзушыларға  әкімшілік хаттама толтырылады, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, 2020 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша  Теңіз кенішінде  Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 730 адамға жетті.  Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус 24 вахталық қалашықта тұратын 42 компанияның қызметкерлері арасында  анықталып отыр.

Инфекциялық стационарда  241 адам емделуде.  Бұдан бөлек, кен орнында қосымша  тағы 80 орындық инфекциялық стационар  салу жоспарланған.

21 мамыр 2020, 23:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.