Атырау, 19 мамыр 18:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Коронавирустың өршуінен Теңіз кеніші жабылуы мүмкін

Бейнежазба
4 287 просмотра

Теңіз кен орны мәжбүрлі түрде жабылуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Теңіз кен орнында аурудың өсуі байқалады, онда бүгінде 935 оқиға тіркелген.

Теңіз кенішінде індеттің көбейгенін ескере отырып, Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілді. Ауру деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыс жоспары мен кестесі қабылданды. Қазіргі уақытта осы жоспардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет, әйтпесе бұл науқастар санының өсуіне және кәсіпорынның мәжбүрлі жабылуына әкелуі мүмкін», - деді Есмағамбетова.

ҚР бас санитарлық дәрігері Теңіз кенішінде COVID-19 жұқтырған 935 науқас тіркелгенін хабарлады. Жергілікті штаб нақтылағандай, бұл өңір бойынша берілген мәліметтер. Бүгін таңертең берілген мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында ауру жұқтырғандардың жалпы саны - 792, оның 712-сі – Теңіз кенішінде.

20 мамыр 2020, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.