Атырау, 19 мамыр 20:46
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев жаңа қаржы министріне тапсырма берді

3 447 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жамаубаев президентке қаржы министрлігінің негізгі жұмыстары туралы есеп берді.

Атап айтқанда, Тоқаевқа республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік сатып алулар мен қазынашылық қызмет көрсету ісінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайында баяндалды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Тоқаев салық және кеден салаларын әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және бюджет үдерісіне қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Ақорда 

20 мамыр 2020, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.