Атырау, 19 мамыр 20:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы облысында саунада демалған прокурор қызметтен босатылды

2 813 просмотра

ТЖ режимі кезенді әріптестері және судьялармен саунада демалған Алматы облысында Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер растады.

"Ол жұмыстан шығарылды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов роликке түсіп қалған Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д. Сейітовтің уәкілеттігін тоқтатқан болатын.

Еске салайық, саунада түсірілген видео желіде мамыр айының басында тарады. Оның авторы саунаның ішін түсіріп, Алматы облысы аудандық сотының судясы және аудандық прокурор демалып жатқанын айтады.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер түсірілген видеоға қатысты түсінік беріп, "оны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі және оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ" деп мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

20 мамыр 2020, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.