Атырау, 19 мамыр 21:12
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Коронавирус пандемиясы салдарынан қандай компаниялар арзандағаны белгілі болды

2 905 просмотра

Қазақстандық қор биржасының (KASE) төрағасы Алина Алдамберген отандық компаниялар мен банктердің акциясына коронавирус пандемиясы қалай әсер еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Лондон биржасымен сауда жасайтындардан "Халық банкінің" акциялары - 25,8 пайызға, KazMinerals - 18,3 пайызға әлсіреді. Олардан айтарлықтай түсім байқалды. Ал біздің нарықта сауда жасайтын жергілікті акциялар тұрақты. Бірақ "ҚазТрансОйл" біздің нарықта сауда жасағанымен, біз мұнай нарығындағы саудаға тәуелді болғандықтан, айтарлықтай зардап шекті - 15,3 пайызға", - дейді Алина Алдамбергенова. 

Оның сөзінше, "Қазақтелеком" акциялары төмендеген - 6,6 пайызға. Алдамбергенованың акциялардың өсуі мен төмендеуі саланың ерекшелігіне байланысты.  

Дереккөз: Tengrinews.kz 

20 мамыр 2020, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.