Атырау, 19 мамыр 19:16
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түркияның бас консулы атыраулық дәрігерлерге алғыс білдірді

4 108 просмотра

Дәрігерлер Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Түркия азаматына COVID-19-бен күресу үшін қажетті күтім жасап, емдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дипломатиялық өкіл №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының атына алғыс хат жолдады:

«Құрметті Директор мырза, Түркия Республикасының азаматы №2 Атырау облыстық ауруханасына емделуге жатқызу барысында көңіл бөліп, назар салғаныңызға инфекциялық бөлімде қызмет етіп жатқан барлық қызметкерлерге шын көңілден ризашылық білдіреміз. Жерлесіміз қысқа мерзім ішінде сауығып, жұмысына қайта оралды», - дейді алғыс хатында ерекше ықыласын жеткізген Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.

Сонымен қатар Түркияның Қазақстандағы елшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын жеткізді: 

- COVID-19 індетімен күрестегі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін», - депті бас консул.

Айта кету қажет, коронавирус инфекциясына талдау нәтежиелері оң нәтиже көрсеткен науқастарды №2 Атырау облыстық ауруханасына жатқызады.

20 мамыр 2020, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.