Атырау, 19 мамыр 18:09
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіздегі 22 вахталық қалашықта 700-ден астам адам вирус жұқтырған​

3 812 просмотра

Атырау облысында Covid-19 індетінің  23 жаңа жағдайы тіркелді. 23 науқас та  - Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар, деп хабарлайды шұғыл штаб. 

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем алады. 

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. 

2020 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі 42 мердігер мекеменің  қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген. 92 вахталық аумақтың ішінде 22 індет ошағы анықталды. Ошақтарда ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.  

Айта кетейік, бүгінде карантиндік бақылауда 1725 адам жатыр.

Теңіз вахталық қалашығы. Гугл-картадан түсірілген сурет.

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 792 адамға жетті.
20 мамыр 2020, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.