Атырау, 19 мамыр 21:57
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда екі жүргізуші тұрақта «карусель» жасағаны үшін жазаланды

Бейнежазба
3 147 просмотра

Атырауда Mercedes Benz пен және Mitsubishi L300 микроавтобусының жүргізушілері теміржол вокзалында «карусель» ұйымдастырғаны үшін жазаланды.

- 18 мамырда Атырау теміржол вокзалының жанындағы тұрақта Mercedes Benz және Mitsubishi L300 микроавтобусының жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзды. Олар ескерту сигналынсыз қауіпті маневр жасап, апатқа қолайлы жағдай тудырды. Бұдан басқа, тежегішті қатты басып, тұрақтың жол төсемін бүлдірді. Mercedes Benz капотына Қазақстанның мемлекеттік туын керіп қойған, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл ереже бұзушылықтар қалалық полиция басқармасының көше бақылау камералары арқылы анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 595 (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 630 (Жолдарды бүлдіру) баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал Mercedes Benz жүргізушісі қосымша 458-бап (ҚР Мемлекеттік туын пайдалану тәртібін бұзу) бойынша жазаланды. Осы бап бойынша оған 50 АЕК көлемінде, яғни 138 900 теңге айыппұл салынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2020, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.