Атырау, 20 мамыр 00:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Каспий теңізінде су деңгейі төмендеп кеткен

4 291 просмотра

Саридегі Каспий теңізін зерттеу ұлттық орталығының басшысы Бани Хашеми Каспий теңізінде су деңгейі өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 13 сантиметрге төмендегенін айтты, деп хабарлайды 24.kz.

«2019 жылғы қыстың соңында Каспий теңізіндегі су деңгейін бағалау 1995 жылдан бастап төмендеу үрдістерін басшылыққа ала отырып, Каспий теңізіндегі су деңгейі 2019 жылы соңғы 30 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге түскенін көрсетіп берді», - деп атап өтті орталық басшысы.

«Осы бағалау бойынша биыл судың орташа деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 13 см-ге төмендеп, 27,18 метрді құрады», - дейді ол. 

Каспий теңізін зерттеу ұлттық орталығының басшысы «су деңгейі төмендеуінің басты себебі - Каспий теңізіне енетін судың шамамен 80 пайызын қамтамасыз ететін Еділ өзенінен су ағынының азаюы» деп мәлімдеді. 

Хашемидің айтуынша, Каспий теңізіндегі орташа температураның жоғарылауы - теңіздегі су деңгейінің төмендеуіне тағы бір себеп болып отыр. Оның айтуынша, сараптамалық зерттеу ұзақмерзімді перспективада жыл сайынғы құбылыстарға қарамастан, климаттың өзгеруі мен судың булануына байланысты Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі жалғасатынын көрсетеді.

19 мамыр 2020, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.