Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Соңғы қоңырау кезінде түлектерге қойылатын талаптар

3 618 просмотра

Қазақстандық түлектер соңғы қоңырау мерекесіне және аттестат алу үшін бетперде немесе респираторлар киіп келіп, екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде вице-министр Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау осы жылы 3-4 маусымға жоспарланған. Оқу орындарының әкімшілігі әрбір бітіруші сынып үшін іс-шараларды таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастыруы тиіс.

"Сынып жетекшілері 20 минут бойы сынып сағаттарын өткізулері керек. Балалар арасындағы қашықтық-1,5-2 метр. Мектеп әкімшілігі аулада орналасуды қадағалап отыруы керек. Барлық оқушылар үшін маскалар мен респираторлардың болуы міндетті", - деді білім және ғылым вице-министрі.

Сондай-ақ, Шолпан Қаринова бітірушімен бірге аттестат тапсыру рәсімен тек ата-анасы келуі мүмкін екенін атап өтті. Басқа қонақтарды мектепке шақыруға тыйым салынады.

Бұдан басқа, мектептерде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студиялар іс-шараларын өткізуге, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автокөлік алдап, қалада серуен ұйымдастыруға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады.

Білім министрлігінің жоспары бойынша биыл 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн-режимде өтеді. Сынып жетекшілеріне сынып сағаттарын қашықтықтан ұйымдастыру тапсырылды.

Еске сала кетейік, 16 сәуірден бастап коронавирустың пандемиясына байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттер қашықтықтан білім алуға көшті. Онлайн режимінде оқыту оқу жылының соңына дейін жалғасады.

19 мамыр 2020, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.