Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз мүмкін - А.Көлгінов

6 055 просмотра

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім кеше қаланы жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағалаған.

"Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.
Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - деді Көлгінов.
19 мамыр 2020, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.