Атырау, 19 мамыр 23:23
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарағандыда өзін полковник ретінде таныстырған ер адам қамауға алынды

3 384 просмотра

Қарағанды полициясы жол ережесін бұзып, өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері деп таныстырып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан 47 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады.

Оқиға Қазақстандағы төтенше жағдай режимі уақытында 23 сәуір күні болды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Ер адам үйінің ауласынан шығып, жол қозғалысы ережесін бұзуы оны тоқтатуға себеп болған. Полицейлердің құжаттарын көрсету жөніндегі өтінішіне, ол өзін ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасарымын деп таныстырған. Алайда ол мұны растай алмады.

"Бүкіл әңгіме видеожетонға жазылды. Полиция қызметкерлеріне азамат күдікті болып көрінген. Сол себепті жағдайды анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері мен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шақырылды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адамды Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс ауданындағы полиция бөліміне жеткізгеннен кейін ғана ол арнайы қызметтерге ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Ал тәртіп бұзғаны үшін жауапкершіліктен қашу үшін өзін полковник ретінде таныстырған.

Дереккөз: Polisia.kz 

19 мамыр 2020, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.