Атырау, 20 мамыр 02:08
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары шілдеге дейін әзірленеді

2 599 просмотра

Премьер-министр ұлттық экономика министрлігіне Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму жоспарын 1 шілдеге дейін үкіметке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайға байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Айтуынша, ол институционалдық және құрылымдық реформаларды қамтитын, орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономика бағытының негізгі бағдарларын айқындайды. 

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру басты міндетке айналады. Мамин ұлттық экономика министрлігіне стратегиялық даму жоспарының жаңа редакция жобасын осы жылдың 1 шілдесіне дейін үкіметке енгізуді тапсырды.

Айта кетсек, үкімет бұған дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекіткен болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 мамыр 2020, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.