Атырау, 19 мамыр 19:25
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Той жасауға 15 маусымға дейін рұқсат жоқ

Бейнежазба
8 633 просмотра

Мейрамханаларды 25 мамырда ашуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, той жасауға әлі ерте. Ол мәселені 15 маусымнан кейін қараймыз, - деп түсіндірді алдағы карантиндік шаралардың жеңілдеуіне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ.

- Бұл туралы айту әлі ерте, бірақ 25 мамырда, егер жағдай жақсы болса, біз мейрамханаларды ашамыз, иелері осы бастан әзірлене берсе де болады, -  деді Т. Мұсағалиев.

Бұл ретте «жағдай жақсы болса» деген сөздің астарында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жағымды болжамы бойынша барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, вирус жұқтырғандардың саны 800 адамнан аспаса деген түсінік жатыр. Бәрі ойлағандай болмайды-ау деп алаңдауға да негіз бар. Карантиндік режимді сақтамаған жағдайда ауру жұқтырғандардың саны күрт өсіп, 31 мамырға дейін 2 мың адамнан асуы мүмкін.

25 мамырда ашылуға рұқсат берілетін қоғамдық тамақтану орындарына бірқатар талаптар қойылып отыр: қызметкерлер мен келушілердің дене қызуын өлшеу, желдету жүйесінің ақаусыз жұмыс жасап тұруы, кварцтау үшін бактерицидтық шамдардың және кіре берісте дезинфекциялық төсеніштердің болуы шарт. Міндетті түрде орынжай ішін ылғалдап тазартып тұру, санитарлық тазалау және дезинфекциялау қажет, санитайзерлердің болуы шарт, қызметкерлер маска тағып жүруі керек.

Келушілерді отырғызудың да өз талабы бар: үстелдер шахмат тақтайшасы секілді орналасып, аралары 1,5-2 метр болуы керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Бейнежазбаны түсірген автор

18 мамыр 2020, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.