Атырау, 19 мамыр 21:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ауысым жұмысшылары тексеруден өткен

Бейнежазба
3 639 просмотра

Ауысымдық жұмысқа жіберілмес бұрын қызметкерлерді міндетті түрде тексеруден өткізу өз нәтижесін береді. Өткен демалыс күндері Құлсары қаласының екі тұрғынын коронавирусқа тексерген тест оң нәтиже көрсетті, - деп Атырау облысының бас санитарлық дәрігері вахта жұмысшыларына қатысты болған жағдайға түсініктеме берді.

- Вахтаның алдында ПТР өтуді талап етудің нәтижесі скринингтің қажеттілігін көрсетіп отыр. Демалыс күндері Құлсарыда тұратын екі жұмысшыда аурудың белгісі жоқ, бірақ вирусты жұқтырғаны анықталды. Олардың отбасы мүшелерінің сынамалары әзірге расталған жоқ. Ауысымнан 1-2 мың жұмысшы шығады, скринингтен өтудің арқасында вахта таза. Қазір Жылой ауданында аурудың ошағын анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. Ол жерде біздің 17 эпидемиолог мамандарымыз жұмыс жасауда. 20 вахталық қалашық тексерілді, - дейді журналистерге Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ.

13 наурыз бен 18 мамыр аралығында Атырау облысында коронавирустық инфекцияға 29 400 ПТР-тест жасалды, оның 17 036-ы - Теңіз кенішінің жұмысшыларына тиесілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежазбаны түсірген автор

18 мамыр 2020, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.