Атырау, 19 мамыр 18:38
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда 8 жасар қыз коронавирустан жазылып шықты

3 173 просмотра

Өңірде  Covid-19 індетінен айыққандар саны 171 адамға жетті, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Атырау облысындат  қауіпті дерттен тағы алты адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың бесеуі - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  61, 23, 29, 26 және 24 жастағы ер адамдар. 

- Ал, инфекциялық стационардан шығарылған алтыншы адам – 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны.  Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді,  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 171 адамға жетті.

18 мамыр 2020, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.