Атырау, 21 мамыр 23:35
 ашықВ Атырау +23
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

86 науқастың екеуі медицина қызметкері, қалғаны - Теңіз кенішінің жұмысшылары

3 331 просмотра

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар  саны 627 адамға жетті, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың 84-і  –   Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

- Ал, тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген  облыстық аурухананың  санитары мен лаборанты, - дейді  штабтағылар.

Covid-ке алынған тесттен  оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем алады. 

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Осылайша, Атырау облысында  қауіпті дертке шалдыққандар  саны  627 адамға жетті.  Ал,  коронавирустан айыққандар саны - 165.

18 мамыр 2020, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.