Атырау, 19 мамыр 21:13
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар карантинде азық-түлікке қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

2 567 просмотра

Қазақстандықтар төтенше жағдай режимі кезінде, негізінен, ақшаны азық-түлік сатып алуға жұмсаған. Қалған сауда секторларында айтарлықтай құлдырау болды.

Қазақстан халқы сәуірде барлық шығынның жартысынан астамын азық-түлікке жұмсады.

Мониторинг жүргізетін Ranking.kz агенттігінің ақпаратына сәйкес, карантин кезінде бөлшек сауда екі есеге төмендеді.

"Сәуірде Қазақстан бойынша дүкендер, базарлар және басқа да бөлшек сауда орындары 495,7 миллиард теңгеге (1,1 миллиард доллар) сауда жасады, бұл өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 40,9%-ке аз. Инфляцияны ескере отырып, сауда көлемінің нақты төмендеуі жылына 44,7%-ті көрсетті", - деп хабарлады агенттік.

Қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 2,87 триллион теңгені (6,5 миллиард доллар) құрады, бұл өткен жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда 5,9%-ке аз. Бұл ретте сауда көлемінің нақты азаюы 11,8%-ке жетті.

Әдетте жалпы азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құраса, карантин режимі сақталған сәуірде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі бірден 51,5%-ті немесе 255,4 миллиард теңгені (580 миллион доллар) құрады. 2020 жылдың алғашқы төрт айында қазақстандықтардың барлық сатып алуларының 36,6%-і – азық-түліктің үлесі.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкі инфляция дәлізі 4-6% деген болжам жасады. Алайда инфляцияның жылдық деңгейі сәуірде 6,8%-ті құрады, наурызда 6,4% және 2019 жылдың сәуірінде 4,9%.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізіліп, 11 мамырға дейін созылды. Карантин режимі әлі аяқталған жоқ.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

18 мамыр 2020, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.