Атырау, 22 мамыр 02:36
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Теңізде вирус жұқтырғандардың барлығы дерлік Атыраудан ем алады

6 760 просмотра

15 мамырда Теңізде COVID-19 инфекциясының 17 ошағы анықталды, барлығы 401 адам вирус жұқтырды. Өкінішке орай,  бұл цифрлар күннен күнге өсіп жатыр. Бұдан басқа, кеніштегі карантиндік стационарларда науқастармен байланыста болған 2 мыңнан астам жұмысшы жатыр.

401 науқастың 64-і сауығып шықты. Сонымен қатар, кеніштен мердігер және қосалқы мердігер мекемелердің жұмысшыларын аумақтан шығару жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 17 мың жұмысшының басым бөлігі үйлеріне жіберілді. Енді шығарылатын 800-дей адам қалған.

Бұдан бұрын, кеніште ауру симптомдары жоқ науқастарды бақылауға арналған 80 кереуеттік стационардың ашылғаны және онда 35 адамның жатқаны хабарланған еді. Шұғыл штабтың хабарлауынша, вирус жұқтырған басқа адамдарды Атырауға автобуспен (ара қашықтықты сақтап, шахмат тәртібімен отырады) әкеліп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 мамыр 2020, 20:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.