Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы ХҚКО және көші-қон қызметінің кестесі

3 587 просмотра

2020 жылғы 13 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын келесі кестеге сәйкес жалғастырады:

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығы Атырау облысы бойынша филиалы ( №1 бөлімнің мекенжайы: Атырау қаласы, Сатпаев көшесі №23 үй, №2 бөлімнің мекенжайы: Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16 үй, №3 бөлімнің мекенжайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 96 б үй) Қазақстан Республикасы азаматтарын жеке куәлік рәсімдеу мәселелері және шетелдіктерді Қазақстан Республикасының ықтиярхатымен құжаттандыру сағат 08.00-ден үзіліссіз 17.00-ге дейін;

Аудандар бойынша кестеге сәйкес 18 мамырдан бастап сағат 08.00-ден үзіліссіз 17.00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсету «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгініп, «электрондық кезекті» брондау арқылы жүзеге асырылады. 

2. Бірінші рет жеке куәлік алушы 16 жасқа толған жасөспірімдерді Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс кестесіне сәйкес сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. 

3. Тізім бойынша тасымалдауға келмейтін зейнеткерлік жастағы адамдарды, мүгедектерді ХҚКО-мен қызметкерлерінен құрылған мобильдік топпен азаматтардың тұрғылықты мекенжайына бару арқылы құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

4. Қала, аудандық көші-қон қызмет бөліністері 13-ші мамырдан бастап Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау, шығу және қалпына келтіру бойынша сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін қабылдайды. 

5. Ағымдағы жылдың 18-ші мамырдан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсаттарды беру бойынша заңды тұлғаларды қабылдау сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін және Қазақстан Республикасының визаларын беру және ұзарту бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдау сағат 14.30-ден 17.00-ге дейін (мекенжайы: Атырау қаласы, Абылхайырхан даңғылы, 55 үй) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

6. Қазақстан Республикасында еңбек иммигранттарына рұқсат беру немесе ұзартуларды ресімдеуді Атырау қаласы бойынша 18-ші мамырдан бастап сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін, аудандық көші-қон қызметі бөліністері 13-ші мамырдан бастап қабылдауды жүргізеді. 

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын, еңбек көшіп қону рұқсаттарын создырмаған Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік жұмыс күшін тартушы тұлғаға 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жариялануға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сенім телефондары 98-20-53, 98-21-27, 98-20-50, 28-20-67.

Атырау облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы

15 мамыр 2020, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.