Атырау, 19 мамыр 18:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады

4 910 просмотра

Қазақстанда мешіттер келесі дүйсенбі, 18 мамырда ашылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

"18 мамырдан бастап ғимарат көлемінің 30 процентін ғана толтыра отырып, санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі", - делінген хабарламада.

Осылайша қазақстандықтар Қадір түнін мешітте қарсы ала алады. Биыл мың айдан да қайырлы Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.


13 мамыр 2020, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.