Атырау, 2 мамыр 22:44
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Теңіз кенішінде тағы 90 жұмысшы Covid-19 инфекциясын жұқтырған

4 079 просмотра

Осылайша,  өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. 

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел. 

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

- Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді Жедел штаб. 

 2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны  432-ге жетті,  оның  ішінде 359 адам - Теңіз кенішінің жұмысшылары.

13 мамыр 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.