Атырау, 19 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қостанай облысында қаптан адамның сүйегі табылды

3 462 просмотра

Қостанай облысы Қарабалық ауданында адам сүйегі салынған қап табылды, деп хабарлады жергілікті Alau.kz порталы.

Бұл ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"26 сәуірде Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына Белоглинка ауылының тұрғыны қоңырау шалған. Ол кісі тұрмайтын үйді жинау барысында мәйіт қалдықтары салынған қап табылғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша Қарабалық ауданының полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Болжам бойынша мәйіттің қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі, ол 2014 жылдың қарашасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 мамыр 2020, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.