Атырау, 19 мамыр 08:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев үкіметке берген тапсырмасын түсіндірді

2 703 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, деп хабарлайды Sputnik.

Президенттің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 проценттік мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Яғни, қазіргі 10 ппроценттік мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 проценттік мөлшерлеме сақталады", - деп жазды Уәли.

Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін үкіметтің комиссиясы анықтайды.

Бұл ретте мемлекет басшысы жеке табыс салығының проценттік мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді.

12 мамыр 2020, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.