Атырау, 2 мамыр 20:49
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мұсағалиев: «Біз аурудың үдемелі кезеңінен шығып жатырмыз»

3 259 просмотра

- Бізде ауру жұқтырғандар саны көбейді. Бірақ қазір екінші кезеңдеміз, яғни, аурудың үдемелі кезін өткеріп жатырмыз деп айтуға болады, - деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, тұрғындар арасында коронавирус жұқтырған жағдай әлі де тіркелуде. 2 мамырда өсім 19%, 4 мамырда - 7%, 6 мамырда - 10% болды. Геологта, Махамбетте, Индерде, ескі қалада, Сырым Датов бойында бірді-екілі оқиғалар тіркелді. Егер Теңіз кеніші туралы айтатын болсақ, ол жерде сәуірдің соңынан бастап күн сайын 20-25 жағдайдан тіркеліп отыр. Вирус жұқтырғандардың 50%-ында ауру белгілері жоқ.

- Көп адамдар ауру жоқ деп ойлайды. Перзентханада, ескі қалада анықталған жағдайлар бізде ауру бар екенін білдіреді. Бізде пневмонияның ауыр түрімен ауыратын адамдар да бар. Карантинді саналы түрде, дұрыс сақтап, оқшауланған қала тұрғындарына алғыс айтамын. Бұл вирустың таралмауының ең маңызды жолы. Еуропа мен шығыс елдерін қараңыздар, олардың көпшілігі бастапқыда ауруға мән бермеді, ал салдары өте ауыр болды. Біз бұдан абыроймен шығамыз. Қазір екінші кезеңнен өтіп жатырмыз, яғни, аурудың үдемелі кезінен шығамыз, - деді Т. Мұсағалиев. Карантин режимінің жеңілдетілуі: аз адамдарға арналған спорт зал, сұлулық салоны, мәдени нысандардың және т.б. ашылуы осыған дәлел дейді ол.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2020, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.