Атырау, 3 мамыр 01:23
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда вирус жұқтырған жүкті әйел дүниеге қыз әкелді

3 176 просмотра

Коронавирус жұқтырған және перинаталды орталықтан жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылған үш жүкті әйелдің бірі салмағы 3650 грамм және бойы 53 сантиметр болатын қызды дүниеге әкелді.

Қазір жұқпалы аурулар стационарында жатқан жүкті әйелдердің жағдайы туралы сұраққа жауап берген денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ оларда аурудың белгілері байқалмай өтіп жатқанын айтты. Олардың бірін кесарь тілігімен босандырған. Тағы екі жүкті әйел бақылауда, олар қайтадан анализ тапсыруы тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2020, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.