Атырау, 3 мамыр 04:43
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Коронавирустың 17 жағдайы Теңізде тіркелген

3 402 просмотра

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 мамырдағы таңертеңгі мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында коронавирустың 17 жағдайы тіркелген.

Жергілікті штаб осы жаңа жағдайлар туралы әзірге ақпарат берген жоқ. Бірақ олардың сайтындағы өзгертілген цифрларға сүйенсек, барлық 17 жағдайдың барлығы Теңіз кен орнында тіркелген.

Естеріңізге салсақ, кеше түнде Теңіз кенішінде COVID-19 жұқтырған 21 жағдай тіркеліп, кеніштегі науқастардың жалпы саны 252-ге жетті.

Қазір бұл көрсеткіштер мынадай: жалпы облыс бойынша - 340 және Теңіз кенішінде – 269 науқас.

Сонда біздің облыстағы коронавирустың  80%-ы кеніштен шығып отыр.

Облыстың бас дәрігері алдағы 10-12 күнде ол жақтағы жағдай тұрақталады деп уәде берді.

12 мамыр 2020, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.