Атырау, 8 мамыр 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Егер вирус мазаңызды алмаса - үй карантиніне жібереді

2 858 просмотра

COVID-19 жұқтырғандардың ішінде ауру белгілері көп байқалмайтын болса, ол  үш күннен кейін үй карантиніне жіберіледі. Бұл туралы онлайн өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Нұрлыбек ҚАБДЫКАПАРОВ хабарлады.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, коронавирус жұқтырған науқаста инфекцияның белгілері байқалмаса, оған қарқынды емдеу курсын белгілемей, үй карантиніне жіберілетіні туралы айтқан еді.

- Атырауда да солай. Алғашқы үш күн стационарда  болады. Ол жерде олар толық тексеруден өтеді, коронавирусқа сынама тест жасалып, рентгенге түседі, ПТР-диагностикасынан өтеді. Содан кейін карантинді қатаң сақтау туралы қолхат алып, үйіне жіберіледі,деді Н. Қабдыкапаров «АЖ» сұрағына жауап бере отырып.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2020, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.