Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейдің ғарыштағы үдеткіш блогында апат болды

3 080 просмотра

Ғарышта Ресейдің «Фрегат» үдеткіш блогының жанармай багы қирап қалған. Бұл туралы ТАСС агенттігі АҚШ-тың әскери қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Фрегат» блогы 8 мамыр күні басқа да бір объектінің тиюі салдарынан бұзылған. 

Агенттіктің хабарлауынша, «Фрегат» үдеткіш блогын 1990 жылдары С. А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап шығарған. 

Жалпы үдеткіш блог зымыран тасығыштың құрамында қосымша рөл атқарады. Олар ғарыш аппараттарын жер маңындағы орбиталардың кең спектріне, сондай-ақ планетааралық траекторияға шығаруды қамтамасыз етеді.

Дереккөз: inform.kz

10 мамыр 2020, 08:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.