Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев: Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстанмен шешіледі

3 015 просмотра

Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстан тарапымен тығыз байланыста шешіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп жазды Президент.

Ол сонымен қатар, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін мәлімдеді. 

Еске салайық, 6 мамырда Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленетіні мәлім болған.

9 мамыр 2020, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.