Атырау, 28 сәуір 22:53
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Өзі өртенген үй

Сурет Бейнежазба
6 168 просмотра

5  мамыр күні кешкі с ағат 7 шамасында Атыраудағы екі қала аумағында (Гагарин көшесі бойында) ағаштан салынған жеке үй өртенді. Ескі үйлер сүріліп жатқан жерде жалғыз өзі қалып тұрған еді. Сол үйдің өртеніп жатқаны туралы сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, қолданушылар қожайыны өтемақы мөлшерімен келіспеген, сондықтан өртеп жіберген деп, бірауыздан шыққандай, бірдей пікірді ортаға салды.

-Үй иесіз тұрды, ішінде өліп қалған немесе зардап шеккен адам жоқ.  Өрт 20:18-де сөндірілді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Жаңсақ пікірге қатысты  қала әкімдігінің баспасөз қызметі «үйдің қожайыны өтемақысын алды, ол жерде ешкім тұрмайды, кестеге сай сүрілу керек» деп жауап берді.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

6 мамыр 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған