Атырау, 8 мамыр 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Медбике маскадан химиялық күйік алған

3 197 просмотра

Ресейдің Владимир облысында медбике маска таққаннан бетінде химиялық күйік пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өзі жұмыс істейтін аурухананың әкімшілігі қорғаныс заттарын қайта пайдалану үшін дезинфекциядан өткізеді екен.

Ольга Овинникова есімді қыз Instagram желісіндегі парақшасында өзінің фотосын жариялаған. Онда қыздың бетіндегі қызық дақтарды көруге болады.

Ол екінші деңгейдегі химиялық күйік алғанын және ауруханада бір рет пайдалануға арналған химиялық қорғаныс киімдерінің хлоркамен тазартылып, қайтадан пайдаланылатынын айтқан.

Медбике желі қолданушыларының біріне күйік маңдайында пайда болмағанын да айтқан. Себебі қорғаныс киімдері бетпердеге қараған да жақсы тазаланған.

РИА Новости елдің тергеу органдары қыздың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 мамыр 2020, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.