Атырау, 28 сәуір 17:19
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жедел штаб: «Енді біздің және Мемкомиссияның мәліметтері толық сәйкес келеді»

4 229 просмотра

Атырау облысы бойынша жедел штаб мәліметтеріндегі сәйкессіздік туралы «Теңіздегі коронавирус: бесеуін жазсақ, екеуі ойда ма?» атты мақаламызға жауап келді.

«Ақ Жайық» редакциясына арналған жедел штабтың хабарламасы.

Қазір Атырау облысындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың Covid-19 жұқтырудың жаңа фактілері туралы барлық деректері Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметтерімен толық сәйкес келіп тұр.

2 мамырда аймақтық жедел штабтың ресми сайтында контент-менеджердің қателігінен ақпарат ерте жарияланған, осыған байланысты кейбір БАҚ-тар  сандарды шатастырып алған.

Қазір Атырау облысында инфекция жұқтырған және емделіп шыққан адамдар туралы барлық деректер Мемкомиссияның жедел штабының мәліметтерімен сәйкес келеді».

Сондай-ақ, біз кеше жергілікті штаб сайтынан вахталық қалашықтардың (компаниялардың) атаулары мен вирус жұқтырғандардың саны көрсетілген кесте мен есептегіш  жоғалып кеткенін жаздық. Неге деп сұрағанымызда, «мезгіл-мезгіл сандар өзгеріп тұрады, сондықтан»  деп жауап берді штабта.

6 мамыр 2020, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.