Атырау, 28 сәуір 11:33
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Теңізде қосымша шектеу енгізілді

4 381 просмотра

1 мамырдан бастап Теңіз кенішінде 14 күнге созылатын қосымша шектеу шаралары енгізілді – бұл шешімді кен орнындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев қабылдады. Қазір бұл өндірістік аймақ өңірдегі коронавирус жұқтырудың ең ірі ошағы болып тұр.

Қаулыға сәйкес Теңізде COVID-19 жұқтырып алуы мүмкін деген адамдарға арналған 300 орындық  провизорлық стационар дайындалып, вахталық қалашықтарда карантиндік орындар ұйымдастырылуы керек. Өндірістің шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және жұмысшыларды алып кететін, азық-түлік жеткізетін қызметкерлерден басқа адам мен көліктің кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Түнгі ауысым қызметкерлері мен жедел көмек көрсететін медиктерден басқа ішкі және вахталық қалашықтар арасында сағат 21:00-ден 5:00-ге дейін адамдардың жүруіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер қызметкерлердің бірлесіп тамақ ішуін, жұмыс уақытынан тыс мезгілде өзара қарым-қатынасты шектеуді; вахталық қалашықта тұратын барлық адамдарды күніне 2 рет термометрия жасап (таңертең және кешке) және ЖРВИ белгілерін анықтау арқылы күнделікті медициналық бақылауды ұйымдастыруды, Covid-19-ға сынама-тесті жасалмаған қызметкерлердің кеніш аумағынан шығуына жол бермеуді ұйғарды. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

6 мамыр 2020, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.