Атырау, 7 мамыр 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Желіде Өзбекстандағы су бөгетінің жарылғаны түсірілген видео пайда болды

Бейнежазба
3 668 просмотра

Желіде Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінің жарылған жері түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Repost.uz Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Видеожазба тікұшақтан түсірілген сияқты. Оның кадрларынан су бөгетін, оның жарылған тұсын анық көруге болады. Одан сыртқа қарай ағыны қатты су ағып жатыр. 

Еске салайық, бөгет жарылған соң 276 шаршы шақырым аумақты су басқан, 76-сы Қазақстан территориясына тиесілі. Елде 10 елді мекенді су басты. Эвакуацияланғандардың саны 30 мыңға жетті. Жалпы шығын, алдын ала мәлімет бойынша, 404 миллион теңгеге тең болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

6 мамыр 2020, 08:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.