Атырау, 28 сәуір 12:12
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ұшақ билеттері сатылып жатыр, ал рейс бола ма?

Сурет
6 011 просмотра

Атырау тұрғындары Air Astana ресми сайтынан Нұр Сұлтанға ұшақ билеттерін сатып ала бастады. Мамырдың басында Қазақстанда кейбір ішкі рейстердің қайта іске қосылғанын айта кеткен жөн. Алайда коронавирустың жоқтығы туралы анықтамасыз бортқа мінгізбейді. Тест шамамен 20 мың теңге тұрады.

Air Astana сайтында 16 мамырдан бастап Атырау - Нұр Сұлтан рейсіне билеттер ұсынылған, бағасы 38 мың теңгеден басталады.

Scat сайтында да 16 мамырда Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшу рейсінің бағасы 31 мың теңгеден басталады.

QAZAQ AIR сайтында 13 мамырда Атыраудан Шымкентке ұшу рейсі көрсетілген, бағасы 30 мың теңгеден жоғары.

Ал Атырау облысының жедел штабы Атыраудан Қазақстанның басқа қалаларына рейстердің ашылатын күнін айта алмады. Бүгінде мұнайлы астананың әуежайы тек арнайы рейс пен жүк ұшақтарына қызмет көрсетеді.

Қалай болғанда да, әр рейс бойынша шешімді өңірлер емес, мемлекеттік төтенше жағдай жөніндегі комиссия қабылдайды.

Фархат ӘБІЛОВ

Автордың коллажы

5 мамыр 2020, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.