Атырау, 28 сәуір 22:33
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құрметті тұрғындар!

3 223 просмотра

2020 жылдың 7 мамырынан бастап Бейбарыс даңғылының (Ғабдиев көшесінен Әбілхайыр хан даңғылына дейін) және Ғабдиев көшелерін (Әбілхайыр хан көшесінен Бейбарыс даңғылына дейін) қайта жаңарту жұмыстарына кірісеміз. Осыған байланысты көрсетілген нысандарда көліктердің жол жүру қозғалысы 7 мамырдан шілденің соңына дейін тоқтатылатындығын қаперіңізге береміз.

Біз өз тарапымыздан қайта жөндеу жұмыстарын барлық техникалық құрылыстық нормаларды сақтай отырып, уақытынан бұрын аяқтауға тырысамыз. Әлеуметтік желілерде @zhkhatyrau1 фейсбук және @zhkhatyrau инстаграм біздің жаңалықтарымызды оқып отырыңыздар.

Біздің тарапымыздан уақытша сіздерге келген ыңғайсыздықтар үшін ғапу етіңіз, #Бізбіргеміз, бәріміз жұмылып қаламызды гүлдендіріп жайлы мекен етеміз!

Атырау қалалық ТКШ бөлімі

5 мамыр 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.