Атырау, 27 сәуір 19:52
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 200-ден асты, оның 138-і - Теңіз кенішінде

4 092 просмотра

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған тағы 9 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.  

Штаб мәліметінше, тоғыз науқастың барлығы - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің жұмысшылары.

"Атап айтқанда, 1993, 1999, 1979, 1992, 1985, 1981 және 1999  жылғы сегіз ер адам мен 1981 жылғы әйел адам.

Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда орналастырылған еді. Олардан зертханалық анализдер алынған. ПТР диагностикалық тексеру жұмыстарынан кейін COVID-19 диагнозы расталды.

Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 202 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жазылып шыққандар саны - 76 адам", деп хабарлайды штаб.

Теңіз кенішіндегі вирус жұқтырғандар саны – 138, бұл облыстағы КВИ науқастарының шамамен 70 пайызын құрайды.

5 мамыр 2020, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.