Атырау, 28 сәуір 16:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Бекіре» науқаны жалғасуда

3 682 просмотра

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында  балықты қорғау үшін дәстүрлі «Бекіре» науқаны жалғасуда. Сәуір айында полиция, балық қорғау және ҰҚК шекара қызметкерлері 495 браконьерлік фактіні анықтады, оның ішінде 406 Атырау облысында, 42 Маңғыстауда және 47 Батыс Қазақстан облысында орын алған.

294 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға жалпы сомасы 4,4 млн. теңгеге айыппұл салынды, 14 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 5,3 тонна балық (оның ішінде 551 кг бекіре тұқымдас балығы), 16 келе қара уылдырық, 32 жүзу құралы тәркіленді.

Бекіре балық өсіру зауыттары үшін мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 118 өндіруші балық ауланды, оның ішінде біреуі қорытпа балығының аналығы, сондай-ақ бекіре, шоқыр  балықтарының аналығы мен аталығы бар.

Күн сайын өзен арнасы сүзіліп, браконьерлік ау құралдарынан тазартылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 2012 құрал алынды, көбінесе моноталшықтан жасалған синтетикалық ау шықты. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 мамыр 2020, 21:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.