Атырау, 28 сәуір 16:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Covid-19 жұқтырған 9 науқастың барлығы - Теңіз кенішінің жұмысшылары

4 501 просмотра

Осылайша, облыста   Covid-19  жұқтырғандар саны 193 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штабтың мәліметінше,  тоғыз  науқастың барлығы - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 1966, 1994, 1991, 1989, 1995 және 1997  жылғы ер адамдар сондай-ақ, 1983, 1971, 1978 жылғы әйел адамдар. 

Олар Covid-19 анықталғанға дейін   бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде Covid-19   бар екендігі расталды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. 

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 193 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Ал, 76 адам дерттен айықты.

4 мамыр 2020, 21:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.