Атырау, 27 сәуір 22:42
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Теңіздегі коронавирус: бесеуін жазсақ, екеуі ойда ма?

3 830 просмотра

Облыстағы  шұғыл штабтың мәліметінше, Теңіз кенішінде Covid-19 жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелген.

«Атырау облысында Covid-19 жұқтырудың тағы 5 жағдайы тіркелді», - деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. - Бес науқастың барлығы - Теңіз кенішінің жұмысшылары, олар 1988, 1996, 1994, 1997 және 1996 жылғы ер адамдар.

Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда болды. Олардан зертханалық анализ алынып, COVID-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды. Індет ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 184 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Оның ішінде 120 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Жазылып шыққандар саны - 72 адам".

Редакциядан. Шұғыл штабтың арифметикасы сәл түсініксіз. Әдетте, Қазақстандағы ауру жұқтырғандардың ресми жиынтығы жоғарыдан - Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан түседі. Ал жергілікті штаб әрқайсысы өз өңіріндегі вирус жұқтырған жаңа жағдай туралы ақпарат береді. Соңғы уақытқа дейін осылай болды. Бірақ екі күн бұрын цифрлар өзгеріп кетті.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, 4 мамырда таңертең Атырау облысындағы науқастардың жалпы саны 184 болып, жаңа 3 жағдай тіркелген. Жергілікті штабта: барлығы - 184, жаңа жағдай - 5. Кеше сағат 22.15-те Мемлекеттік комиссия штабының ақпаратына сәйкес, облыстағы науқастардың жалпы саны - 181, жаңа жағдай – 4 болды. Жергілікті штаб ақпаратында (ақпарат түнде шықты) - 179, жаңа жағдай - 4. Осы жаңа төрт науқас бойынша жергілікті штаб ақпарат берді, бірақ олардың қай жерде - Теңізде немесе одан тыс жерде анықталғанын нақтылаған жоқ.

3 мамырда жергілікті штабтың мәліметінше, Теңіз кенішіндегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 113 болды. Сәйкессіздіктер осы жерден басталды. 2 мамырда, ресми есеп бойынша, облыстағы вирус жұқтырғандардың жалпы саны 28 болды. Бұл жағдайдың барлығы, кейінірек жергілікті штаб хабарлағандай, Теңіз кенішінде тіркелген. Тек осы 28 науқас туралы ақпаратты жергілікті штаб екі күнге бөліп хабарлады.  2 мамырда 15 жағдай туралы мәлімет берді (Теңіз кеніші бойынша жалпы саны - 97 деп мәлімдеді), 5 жағдай бойынша ештеңе айтылмады. Тек «есептегіштегі» цифр өзгерді (102), ал 8 жағдай туралы 3 мамырда таңертең хабарлап, оған тағы 1 жағдайды қосты. Осылайша, 102 + 8 + 1 = 111. Жергілікті штаб мәліметі бойынша – 113 жағдай.

4 мамырда, Атырау облысында жалпы статистикаға сәйкес, 4 жаңа жағдай тіркелді. Жергілікті штаб 5 жағдай деп жазып, Теңіз кенішіндегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 120 деп ақпарат береді. Тіпті, 113-ке 5-ті қоссақ та, 120 шықпайды. Штаб сонда кімдерді меңзеп тұр?

Біз осыған уақытымызды бөліп, әрі қарай шатаспас үшін жазып алдық. Жергілікті штаб сандағы сәйкессіздікті түсіндіреді деп үміттенеміз.

4 мамыр 2020, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.