Атырау, 28 сәуір 11:04
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қожайындары жоқта балконы өртенді

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
3 358 просмотра

Атырауда СМП-163 ықшамауданындағы №26 үйдің балконы өртеніп, 18 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

ТЖД берген ақпарат бойынша, бес қабатты үйдің 3-қабатында балкон өртенді. Өрт 17.24 өшіріліп, пәтерге шауып үлгермеген. Оқиға болған кезде пәтердің қожайындары жоқ болған. Көрші тұратын 5 бала мен 13 ересек адам құтқарылды.

Соның арасынша редакциямызға өрттен зардап шеккен Ақмарал ИСМУХАНОВАНЫҢ өзі хабарласты:

-Негізі өрт болған кезде үйде екі балам жатын бөлмеде ұйықтап жатқан болатын. Мен дүкенге тамақ алуға шығып кеткенмін. Сыртта ойнап жүрген 12 жасар қызым өртті көріп, ұйықтап жатқан бауырларын оятып, бәрі сыртқа жүгіріп шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде, пәтерде ешкімнің болмағаны сондықтан.  Тілсіз жаудың салдарынан залдағы терезелер жарылып кеткен, бөлменің іші қап-қара күйе, теледидар бүлінген.

Алты баланың анасы оларды жалғыз өзі тәрбиелеп, өсіріп отыр. Көпбалалы отбасының баспанасы тек осы екі бөлмелі пәтер ғана. Оның айтуынша, жоғарғы қабаттағы тұрғындардың бірі темекі тұқылын дұрыс өшірмей, ол олардың балконына түсіп, өрт шыққан. Себебі балконда карантиннен кейін тазалауға  апарам деген кілемдер жатқан болатын.

-Қаңтардан бері жұмыссыз қалдым. Алты баланың төртеуі  кәмелет жасқа толмаған. Енді қайда тұрып, пәтерді қалай жөндеп алатынымызды білмеймін. Көршіміз екі күнге паналауға мүмкіндік берді, - дейді А.Исмуханова.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне бұл жағдай туралы комментарий беруді өтінген едім. Олар өрттен зардап шеккен отбасының жағдайынан бейхабар. Себебі ТЖД ақпаратына сай өрт пәтерге кірмеген.



Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежазбаны А.Исмуханова жолдады

3 мамыр 2020, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.