Атырау, 28 сәуір 20:06
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алматыдан Нұр-Сұлтанға алғашқы жолаушылар ұшып барды

Сурет
3 199 просмотра

Нұр-Сұлтан әуежайына Алматыдан алғашқы жолаушылар келді. Ұшақ 9:40-та кері қарай ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайлары 30 наурыздан бері жолаушылар үшін жабық болған. Енді бір ай үзілістен кейін жұмысын қайта бастады. 

Нұр-Сұлтанда таңда Алматыдан шыққан ұшақ қонды. Жолаушылардың бірі жеке шаруасымен келсе, басқа біреулер жақындарымен кездеспек. 

Сол уақытта Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшатын жолаушылар дайындап жатты: рейс 9:40-қа жоспарланған. 

Ұшу алдында бәрін қазіргі жағдайдағы қалыпты процедура күтіп тұрды: температура мен коронавирус жоқ деген анықтама тексерілді. 

Содан кейін ғана тіркелуге болады.

Бірақ мұнымен жаңа ережелер біткен жоқ. Жолаушылардың қашықтықты ұстануы керек - бұл қауіпсіздіктің басты талаптарының бірі. 

Кезекте ғана емес, күту залында да қашықтықты сақтау керек. Ұшақ бортында да сондай ереже бар. 

Әуежайда дезинфекция мен тазалау жұмыстары күніне екі рет жасалады. 

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атқарушы директоры Дәулет Хамзин кәсіпорынның соңғы бір айда шығынға батқанын мәлімдеді. Бірақ нақты сомасын айтқан жоқ.  

"Карантинге дейін тәулігіне 200-ден аса рейске қызмет еттік. Карантин кезінде тәулігіне орта есеппен 20-ға жуық рейс болды. Әуежай тоқтап тұрмады. Транзиттік және жүк рейстерімен жұмыс істедік. Гуманитарлық рейстерді қабылдадық", - деді Дәулет Хамзин. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасының қайта басталатынын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Кейін мегаполистер арасында тәулігіне төрт рейс болатыны хабарланды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz 

1 мамыр 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.